09 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1118

371 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына және «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін. 3) Осы қаулы 2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1118 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 100 «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» кіші бағдарламасы, 101 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру» кіші бағдарламасы, 102 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» кіші бағдарламасы және 105 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және: 1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын; 2) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру; 3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде; 4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерге қатысты жеке қаржыландыру жоспарының негізінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, Министрлік нысаналы трансферттер сомаларын өңірлер арасында қайта бөлу туралы ұсынысты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Министрлікке жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есеп ұсынады. 5. Министрлік Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 112-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады. не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салынымдарын азайту 3 АӨК субъектілері үшін сақтандыру сыйлықақылары мен кепілдік үшін комиссия құнын арзандату мың теңге Түпкі нәтиже көрсеткіштері 1 Өткен жылға шыққанда сүт өнімі өндірісінің өсуі % құрғақ сүт сары май сірне 2 Инвестициялық субсидия арқылы тартылған инвестицияның көлемі мың теңге 3 АӨК субъектілеріне қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы қаржы институттары ұсынған кредиттердің сомасы мың теңге 4 Қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы кредит берілген АӨК субъектілерінің саны бірлік Бюджет қаражатының көлемі мың теңге М.О. Әкім _____________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Бірінші басшысы- Төмен тұрған бюджеттік Бағдарламаның әкімшісі _____________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына қосымша Ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуі туралы есеп 20 ж. «______» _______ Мемлекеттік органның атауы ______________________________________________________________ Нысаналы трансферттің атауы __________________________________________________________ Есеп кезеңі ___________________________________________________________________________ Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған қаражат көлемі ______________________________________ _____________________________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның атауы) _____________________________________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды Р/с № Көрсеткіштердің атауы Өлшем бірлігі Есепті кезең Ескертпе Тікелей нәтиже көрсеткіштері 1 Субсидиямен қамтылған өндірілген өнімнің көлемі, мың тонна, оның ішінде: мың тонна құрғақ сүт сары май сірне ақ қант 2 АӨК субъектілерінің жаңа өндірістік қуаттарды құруға мың теңге